Нығматулин қаржы министріне: Сіздің әріптестеріңіз басын құмға тығып алған

18 Қаңтар 2017, 12:06
0
Нығматулин қаржы министріне: Сіздің әріптестеріңіз басын құмға тығып алған - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында қаржы министріне ведомствоның жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын мұқият дайындауын тапсырып, ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тимур Мұратұлы, депутаттың мәселесін жалғастыра келе қолма-қол бақылау шоттары мен жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің айырмасын өте дұрыс айттыңыз. Енді қолма-қол бақылау шоттары елдің жалпы бюджетіне кірмейді, солай ма? Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті кіретін болады. Енді менде сұрақ: жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін елдің бюджет жүйесіне интеграциялау үшін сіз қаржы мекемесінің қазіргі барлық ақпараттық жүйесін кеңейтуіңіз керек. Солай ма, жоқ па?", - деп сұрады Нығматулин ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтен.

"Дәл солай. (...) Бұл кезеңде қаржы мекемесі бірқатар қадам дайындап жатыр. Бірінші кезекте қосымша екі жылды енгізу. Бюджет пайда болғанда, оған ақша түсіп отыруы керек екенін түсінеміз. Қаражат салық төлеуден және тағы басқа төлемдердің нәтижесінде түседі", - деп жауап берді министр.

Осы кезде Нығматулин министрдің сөзін бөліп, қаржы министрін сөйлетті. "Жо-жоқ, мен нақты сұрап қойып отырмын. Ұзақ сөйлеудің қажеті жоқ. Осыған өтуге дайынсыздар ма? Бұл қаржы министріне қойылған сұрақ, Татьяна Михайловна Савельева. Қаржы вице-министрі Савельева, дайынсыз ба?", - деп сұрады палата төрағасы.

Вице-министр Савельева ведомствоның сәйкес жұмыстар атқарғанын хабарлады. "Оның ішінде клиент қазынашылық жүйесіне енгізілген. Өткен жылдың өзінде төртінші деңгейдегі бюджетті қазынашылық жүйесі арқылы енгізу апробациядан өтті. Барлық әкімшілік байланыспен қамтылған, қазіргі таңда қазынашылық жүйесін және мемлекеттік кірістер жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Барлығы қамтылады", - деді Татьяна Савельева.

"Мұны елге мәлімдегеніңіз өте маңызды, бұл бір. Екіншіден, сіз осында министріңізбен бірге болдыңыз, жалпыға бірдей мағлұмдауды енгізуге болмайтынын дәлелдеп, сұраумен болғансыз, есіңізде ме? Басты себеп деп мемлекеттік кірістер ақпараттық жүйесі ауылдық жерлердің Интернетке қолжетімді болмауына байланысты түйіспейтіні аталды. Жалпыға бірдей мағлұмдауды осы себепті 2020 жылға дейін қалдырдыңыз ба? Ал енді 2018 жылдан бастап енгізуге дайынбыз деп отырсыз. Бізде ауылдық округтер бар ғой, шалғай жатқан ауылдар бар. Байланыс көріп тұрған жоқпын", - деді Нығматулин.

"Сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқару екі кезеңде енгізіледі. 2,5 мың жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол бақылау шоттары арқылы қазынашылықпен жұмыс істеген. Жетілдірілген соң олар жергілікті бюджетке өткізіледі", - деп жауап берді қаржы вице-министрі.

Мәжіліс спикері қаржы министріне ведомствоның жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын мұқият дайындауын тапсырып, ескерту жасады. 

"Белгілі жүйенің тағдырын кешіп жүрмесін. Мұнда сіздің әріптестеріңіз тұрып алып, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосамыз деген, кейін халық наразы бола бастағанда бастарын құмға тығып алды. Өзіңіз айтып отырған өзгеріске дайын болсаңыз, жақсылап ойланыңыз. Қайталап айтайын, мұнда коммуникацялық жүйелер мен сіздердің қазынашылық ақпарат жүйелеріңіздің байланысы маңызды. Бұл өте маңызды мәселе. Қаржы министрлігі мұны түсініп отыр деп үміттенемін", - деп қорытты сөзін Нығматулин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай