Нығматулиннің ұлын рейдерлік іспен байланыстырды. Не белгілі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұржан Нұрланов. Фото: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Нұржан Нұрланов. Фото: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Қаржылық мониторинг агенттігі Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты істің кейбір егжей-тегжейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржылық мониторинг агенттігі Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты істің кейбір егжей-тегжейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуірдің басында БАҚ-та Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады. ІІМ журналистердің сауалына бұл дерекке қатысты Алматы полициясы Қылмыстық кодекстің 389-бабы "Өз бетінше билік ету" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Бұл бап бойынша ең төменгі жаза - 80 АЕК (2025 жылы 314 560 теңге) мөлшерінде айыппұл, ең жоғары жаза - қылмыстың ауырлығына байланысты 3-7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру.

Кейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұржан Нұрлановқа қатысты полицияға арыз түскенін, қазір қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Нұрлановтың мәртебесі қандай екені нақтыланбаған. Сонымен қатар, БАҚ-та оның күдікті емес екені туралы ақпарат пайда болды.

Іс Қаржылық мониторинг агенттігіне берілген. Tengrinews.kz агенттікке сауал жолдап, Нұржан Нұрлановқа қатысты іс қандай бап бойынша тергеліп жатқанын сұраған.

"Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бұған дейін Алматы полиция департаменті тіркеген рейдерлік дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - деп жазылған жауапта.

Қазақстанда рейдерлік үшін (ҚК 249-бабы) ең төменгі жаза - 5 мың АЕК (19,6 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл, ең жоғары жаза - қылмыстың ауырлығына байланысты 8-12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру.

Осылайша бұл іс қайта сараланған болуы немесе тергеу қатар жүргізіліп жатқан болуы мүмкін. ҚМА бұл жайлы нақтыламаған.

Нұрлан Нығматулин - 2016 жылғы маусымнан 2022 жылғы ақпанға дейін Мәжілістің бұрынғы спикері.

Арғын Нығматулинге қатысты іс

Бұған дейін Бас прокуратура Нұрлан Нығматулиннің бауыры Арғын Нығматулинге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сот Нығматулинді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат берді.

qamqor.gov.kz

Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин - Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.

Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылғы сәуірден 2018 жылға дейін "Сарыарқа" хоккей клубы" ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer