29 желтоқсан 2017 09:45

Нью-Йоркте қайтыс болған қазақстандық студенттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йоркте "Болашақ" бойынша білім алған магистрант Асқар Жұмабаев жүрегі тоқтап қайтыс болды. Ол 10 жыл бойы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеген. Бұл туралы сыртқы саяси ведомствоның студентке арналған жазбасында айтылады. Жазба Facebook желісінде жарияланды.

"22 желтоқсанда 36 жасында қазақстандық дипломат Жұмабаев Асқар Ермекұлы дүниеден өтті. Асқар Жұмабаев Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі, 10 жыл бойы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеді. Асқар түрлі жылдары Халықаралық-құқық департаментінде еңбек етті. Ал соңғы кездері "Болашақ" бойынша Нью-Йорк университетінің магистратурасында оқып жүрген.

Әріптестері Асқар Жұмабаевты қарапайым, тәрбиелі әрі зиялы, нағыз кәсіпқой адам ретінде еске алады. Асқар Жұмабаевтың артында әйелі мен екі баласы қалды.

Асқар Жұмабаевтың жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Асқар мәңгілікке біздің есімізде қалады. Иманды болсын", - делінген Қазақстанның СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, Асқар Жұмабаев экс-депутат Ермек Жұмабаевтың ұлы. Бас консулдықтың көмегімен қазақстандық денесі бүгін түнде Нью-Йорктен Қазақстанға жеткізілді.

Осыған дейін Нью-Йоркте "Болашақ" бойынша білім алып жатқан студенттің қайтыс болғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети