27 мамыр 2018 18:26

"О дүниеге барып келгендей болдым". Алматыда ер адам мінген лифт төртінші қабаттан құлдилаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация Иллюстрация

Алматыда жолаушысы бар лифт апатты жағдайда төртінші қабаттан паркингке дейін құлдилаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жолаушысы бар лифт апатты жағдайда төртінші қабаттан паркингке дейін құлдилаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай бүгін, Жандосов көшесі 150А мекенжайындағы үйде болды. Зейнеттегі ер адам лифтке кіріп, ол төртінші қабатқа жетпестен, күтпеген жерден бірінші қабатқа қарай құлдилаған. Тұрғынның айтуынша, үй 2017 жылы қолданысқа берілген. Алайда тұрғындар лифт жұмысына бірнеше рет шағымданған. Үй 17 қабатты, екі лифт бар.

"Мен лифтке бірінші қабаттан кірдім, ол төртінші қабатқа дейін барып, тоқтап қалды, осыдан кейін түсініксіз тілде дыбыстық хабарлама айтылып, лифт бірден төмен қарай құлдилады және бірінші қабатқа барып тоқтады, ол жерде біздің паркинг бар. Мен гипертоникпін, қан қысымым көтеріліп кетті, қара терге түстім, о дүниеге барып келгендей болдым. Кроссовка кигенім мені құтқарып қалды, мен құлаған кезде аяғымның ұшымен тұрып қалдым", - деді Болат.

"Мен лифт кабинасында 15 минуттай болдым, кейін есігін өзім ашып, өзім шықтым. Мен үш жарманың біреуін аштым. Ал бір жарма жай ғана ілініп тұрды, қопарылып қалды. Аллаға шүкір, маған ештеңе болған жоқ. Бірақ мен бес шаршы метрлік жабық жерде қалып қойдым, яғни, шыға алмадым, есік кілтпен жабылған екен. Ол паркингке апарады, ал паркинг әлі істемейді. Тек бір сағаттан кейін ПИК қызметкерлері маған есік ашты", - деді тұрғын. 

Үй тұрғыны түсірген видео.

"Ер адам болғаным қандай жақсы, өзім шыға алдым. Ол жерде байланыс желісі ұстамайды. Мен ол жерде таң атқанша қаламын ба деп ойладым. Ал ол жер өте суық", - деп еске алды тұрғын.

Ер адамның айтуынша, ол полиция шақырып, арыз жазған. Оның сөзіне қарағанда, тұрғындар әкімдікке хат жазған, ол жерде лифт мәселесі айтылған.

Әуезов аудандық әкімдігіндегілердің айтуынша, лифт апатты жағдайда паркингке дейін түсіп кеткен.

"Техникалық ақауға байланысты лифт кабинасы апатты жағдайда паркингке дейін түсіп кеткен. Лифт кабинасында 1954 жылы туған азамат болған. Бұл оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда лифт техникалық ақауға байланысты жабық тұр. Лифттің құлағаны туралы дерек расталмайды", - деді әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети