АҚШ президенті Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке шақырды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Келесі жылы мамыр айының соңында Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөнінде үлкен саммит өтеді. АҚШ президенті антиядролық қозғалыстарға белсенді қатысушы ретінде Мемлекет басшысын саммитке шақырды", - деді Ыдырысов келесі жылы өтетін ірі шаралар туралы айту кезінде.
Ол келесі жылы болатын сапарлардың әлі нақтыланбағанын да жеткізді. Дегенмен министр жоспарланған маңызды шараларға тоқталып өтті.
"Сәуір айына Түркияда Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті жоспарланып отыр. Менің ойымша, ИЫҰ-ға мүше Таяу Шығыс елдері үшін бұл шараның маңызы зор. Біз де осы ұйымның мүшесіміз, сондықтан да Таяу Шығыс мәселесі талқыланатын бұл саммитке қатысу жоспарда бар", - деді Ыдырысов.
Ол Ташкентте ШЫҰ кездесуі, сонымен қатар, ЕАЭО, ҰҚКҰ, ТМД аясында тағы бірнеше шараның өткізілетінін хабарлады. Келесі жылы Қытай G20 саммитін өткізеді.
"Естеріңізде болса, Ресей осы шараны басқарған кезде Владимир Путин Мемлекет басшысын Санкт-Петербургте өткен G20 саммитіне шақырған еді. Бізге түрлі елден шақыртулар түсіп жатыр, олардың басым бөлігіне бару жоспарда бар. Елдегі өткізілетін шараларға байланысты, халықаралық кестені реттеу өте қиын. Оның ішінде келесі жылғы Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы да бар. Дегенмен мен Мемлекет басшысы қатысатын негізгі шараларды айтып өттім", - деді ҚР сыртқы істер министрі.
"Осы жыл қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысының сапары аясында жасалған бизнес өкілдерімен кездесулер барысында құны 60 миллиард доллардан асатын 300 келісімшартқа қол қойылды. Теңгемен есептегенде бұл 170 триллионды құрайды", - деді ол.
Мемлекет басшысы 2015 жылы 13 рет сапарға шыққан, 32 елдің басшысын, үкімет басшыларын және шетелдік лауазымды тұлғаларды қабылдады.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
бұл жастардың арасында жаңа трендке айналмай тұрып алдын алайық!
Жүрек жұтқан сабаздарыңның бұл ісің жай қалдыруға болмайды!
Кхм, не десек те жөн емес бұл жігіттердікі, Таразға барып ойларына келгенін істесін, бірақ Астанамызды бүлдірмесін.
еее, атың шықпаса жер өрте деп атам қазақ қалт айтпаған ғой!
Бұл Астанадағы көркемдігінен бөлек, тарихи маңызы бар нысан десек те болады, қалай дәттері барды екен.
Жөн болмапты бұлары, азаматтар ау, басқа шаруалырң жоқ па?
Ендігіде мұндай оқиға орын алмас үшін оларды тауып жауапқа тартуды ұсынамын!
Сонау биіктікте адам дірілдеп әзер отыратын еді, мыналардікі қызық екен.