"Оқ-дәрілер жарылмауы тиіс еді" - Қорғаныс министрлігі құтқарушының мәлімдемесі туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қорғаныс министрлігі жарылыс кезінде зардап шеккен Алмаз Тұрсыновтың сұхбатына жауап берді. Бұған дейін ол өртті сөндіру кезінде әскери полковник құтқарушыларға оқ-дәрілер жарылмайтынын сендіргенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігі жарылыс кезінде зардап шеккен Алмаз Тұрсыновтың сұхбатына жауап берді. Бұған дейін ол өртті сөндіру кезінде әскери полковник құтқарушыларға оқ-дәрілер жарылмайтынын сендіргенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Руслан Жылқыбаев қоймадағы өртті сөндіруге қатысты айтып берді.

"Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылды.

Жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек.

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті", -  деді ол.

Бөлімнің барлық әскери қызметшісі, жалпы саны 100-ге жуық адам оқиға орнына тартылғаны хабарланды.

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин төтенше жағдай кезінде қоймада тротил шашкалары сақталғанын растаған болатын.

Еске салайық, 26 тамызда жарылыс орнында жұмыс істеген Байзақ ауданының №8 өрт сөндіру бригадасының қызметкері Асыл Мұхамбетжанов бастапқыда келген өртсөндірушілерге жарылыс болмайды деп сендірілгенін айтқан болатын.

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңынан өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro