09 қараша 2023 11:08

"ӨКМ операторының" экс-басшысы мүлкіне салынған тыйымды алып тастауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада "ӨКМ операторының" бұрынғы басшысы Шнар Мұқтароваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотталушының қорғаушысы екі өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада "ӨКМ операторының" бұрынғы басшысы Шнар Мұқтароваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотталушының қорғаушысы екі өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, сотталушы кінәні мойындау туралы процестік келісім түріндегі процессуалдық келісімді жасасу туралы өтінішін қайтадан берді. Екінші өтініш мүлікке салынған тыйымды алып тастауға байланысты.

Сот өтініштерді қарап, олар бойынша шешім қабылдау үшін 15 қарашаға дейін үзіліс жариялады.

20 желтоқсанда Астанада "ӨКМ Операторының" экс-басшысына қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

"ӨКМ операторының" бұрынғы басшысы жауап алу кезінде мәлімдеме жасады

Есек салайық, Мұқтарова 2017-2018 жылдары Экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, кәдеге жарату төлемінен 920 миллион теңге көлемінде өзіне дивиденд түрінде заңсыз төленген қаражатты иемденген деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети