ОҚО әкімі жауапкершілік деңгейі төмен шенеуніктерді сынға алды

05 Қаңтар 2017, 19:41
0
ОҚО әкімі жауапкершілік деңгейі төмен шенеуніктерді сынға алды -

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі жауапкершілік деңгейі төмен шенеуніктерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Аппараттық мәжіліс барысында 2016 жылғы құжат айналымы мен ондағы тапсырмалардың орындалу жайы талқыланды. Өткен 2016 жылы облыс әкімдігіне жоғарғы тұрған органдардан жалпы 8477 құжат түсіп, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 114 құжатқа кемігені анықталды. Сонымен бірге, келіп түскен құжаттардың 5644-і бақылауға алынып, 2015 жылмен салыстырғанда 2373 құжатқа артқан. Бақылауға алынған құжаттардың 5375-сі орындалса, қалған 269 құжат орындалу барысында екен.

Арыз-шағымдар бойынша арнайы тоқталған аппарат басшысы 2016 жылы облыс әкімдігіне 3896 өтініш келгенін айтты. Оның ішінде, жеке тұлғалардан 2973, заңды тұлғалардан 923 өтініш тіркелген. Бұл 2015 жылмен (4 060) салыстырғанда 164 өтінішке кемігендігін көрсетеді. 

"Жалпы әрбір басқарма басшысы, өзінің жетекшілік ететін сала бойынша жауапты тұлға болып табылады. Алайда, кейбір хаттамалық тапсырмалардың орындалмауы олардың жауапкершіліктерінің төмендігін, сонымен қатар, өз міндеттерін орындауға немқұрайлылық танытатындығын көрсетеді. Осыған орай, басқарма басшыларына хаттамалық тапсырмаларды орындауға 2 апта мерзім беремін", - деді ОҚО әкімі.

Сондай-ақ, облыс әкімі мәжілісте барлық аудан, қалаларға шығып жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін, сонымен қатар, жалпы орындаушылық тәртіпті тексеруді жүктеді. Сонымен қатар, әрбір аудан, қала әкімдері өз өңірлеріндегі проблемалардың тізбесін жасап аппаратқа ұсынуды тапсырды


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай