ОҚО-да той кортежіне ерген тікұшақ ұшу ережелерін бұзбады - ААК

09 Тамыз 2017, 10:59
0
ОҚО-да той кортежіне ерген тікұшақ ұшу ережелерін бұзбады - ААК - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

ОҚО-да той кортежімен бірге ұшқан тікұшақ ұшу ережелерін бұзбады. Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің берген жауабында осылай делінген. 

Тіркеу нөмірі UP-ЕС030 Eurocopter тікұшағы Шымкентте тіркелген "Саутс Ойл" ЖШС-ны тиесілі. 

"Тікұшақ әуе компаниясының әуе қозғалысын қамтамасыз ету органдарына ұсынған жоспар бойынша ұшты. Жоспар бойынша тікұшақтың кей елді мекендерге қонатыны көрсетілген. Бұл дерек бойынша ереже бұзу анықталған жоқ", - делінген жауапта. 

Еске салайық, мұның алдында ОҚО полицейлері той кортежіне тікұшақты қосқандарды жазаға тартқан болатын. Ал республикалық маңызы бар тасжолдың үстінен тікұшақтың ұшуы қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында құзырлы органдарға сұраныс жіберілген болатын.

Тікұшақ бортында жас жұбайлар мен тағы төрт қонақ болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай