ОҚО-да зорланды делінген бала бүгін анасымен кездеседі - Бәлиева

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© smi44.ru © smi44.ru

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиева зорлық көрді делінген жеті жасар баланың анасы онымен байланысқа шыққанын айтты. Бәлиеваның айтуынша, бала бүгін анасымен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиева зорлық көрді делінген жеті жасар баланың анасы онымен байланысқа шыққанын айтты. Бәлиеваның айтуынша, бала бүгін анасымен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Анасы мен адвокаттар келеді. Бүгін сіздермен брифинг өткізгеніміз жақсы болды. Анасынан келуін сұрап өтіндім. Себебі бала анасын қатты сағынып жүр. Олар маған өздері хабарласты. Біздің қоңырауларға жауап бермеген еді. Бүгін кешке ұшып келеді. Ол міндетті түрде анасымен кездеседі", - деді Зағипа Бәлиева.

Сондай-ақ, ол адвокаттардың баламен кездескенге дейін қажетті құжаттарды көрсетуі тиіс екенін айтып өтті.

Бәлиеваның айтуынша, анасының ұлын өзімен бірге Алматыға алып кетуге құқы бар.

"Анасы баланың заңды өкілі. Ол Астанада қайтадан кешенді сараптамалар өткізуі тиіс екенін түсінуі қажет. Оған барлығын түсіндіреміз. Баланы қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алса, яғни, оған көзім жетсе ол баланы алып кете алады", - деді Бәлиева.

Мұның алдында зорланды делінген баланың Астанаға жіберілгені айтылған болатын.

Бүгін, 15 наурызда облыс әкімінің төрағалығымен Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы мектептерде болған жағдай бойынша отырыс өтіп жатыр.

ОҚО әкімі барлық тексеріс жұмыстары аяқталған соң нәтижесін көрсететіндерін айтты.

"Бұл процесте біраз қателік кетті. Қазір біз жұмыс тобын құрдық. БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін осы іске араласуға шақырамыз", - деді Жансейіт Түймебаев.

Осыған дейін ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиеваның зорлық көрді делінген оқушы баламен кездескені хабарланған болатын. Бәлиеваның айтуынша, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау мақсатында тергеуші балаға ешкімнің де қандай да бір сұрақ қоя алмайтын қаулы шығарған. 

Еске салайық, Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған. Кейін TVK мәліметінше, ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда күдіктілер немесе ұсталып, қамалғандар жайлы ешқандай мәлімет түспеді. Артынша білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сараптама қорытындысы оқушы баланың зорланғанын растағанын хабарлаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro