ОҚО-ның Мақтарал ауданына жаңа әкім тағайындалды

10 Тамыз 2016, 17:57
0
ОҚО-ның Мақтарал ауданына жаңа әкім тағайындалды - ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мақтарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мақтарал ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мақтарал ауданының баспасөз қызметінің өкілі Дiнмұхамед Аязбековке сілтеме жасап.
Мақтарал ауданының әкімі болып Ғалым Ыбрайұлы Исмаилов тағайындалды. 

Ғалым Исмаилов 1961 жылы 10 қарашада туған, білімі жоғары, инженер-құрылысшы-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры.

Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облысы Бөген құс фабрикасында жұмысшы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1999 жылы Шымкент қалалық әкімшілігі коммуналдық шаруашылық департаменті бастығының орынбасары лауазымында бастаған. 2001-2007 жылдары Шымкент қалалық № 2 халықпен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатты қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Түркістан, Шымкент қалалары әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен. 2007-2013 жылдары аралығы "Бадам Тас", "Kazakhstan Connecting System", "OLYMPIA KAZAHSTAN" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарып келген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай