17 шілде 2020 10:55

Өкпесі 70 пайызға зақымданған науқас дәрігерлер туралы жантебірентер жазба жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж Tengrinews.kz Коллаж Tengrinews.kz

Пневмониядан өкпесі зақымданған астаналық тұрғын Мәдина Карамендина дәрігерлерге алғысын айтып, әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Пневмониядан өкпесі зақымданған астаналық тұрғын Мәдина Карамендина дәрігерлерге алғысын айтып, әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғынның айтуынша, осыдан бірнеше апта бұрын оның жағдайы өте ауыр болыпты. Ол 9 күн бойы №1 қалалық ауруханадағы коронавирус жұқтырған науқастар жататын бөлімде жатқан. 

Мәдина Карамендина екіжақты пневмониямен ауырғанын, өкпесінің 70 пайызы зақымданғанын айтады. Ол бұл туралы Facebook-тегі топтардың бірінде жазды.

"Осындай қиын-қыстау кезеңде дәрігерлерге әртүрлі көзқарас бар. Мен Құдайға, дәрігерлерге алғысымды айтамын. Олар маған жақсы қарады. Дәрігерлер қорғаныс киімдерімен жүрді. Біз олардың көзін ғана көрдік. Олар бізге күлімсірей қарап, шамалары келгенше көмектесті. Артық сөз немесе бірдеңеге көңілі толмайтынын білдірген жоқ", - деді тұрғын.

 Сондай-ақ, ол Әсия және Мәдина есімді медбикелердің еңбегіне жоғары баға берді.

"Әсия есімді медбикеге алғысымды айтамын. Ол маған күйеуім ешқандай жерден таба алмаған дәріні әкеп берді. Тіпті, ақша да алмады. Мәдина есімді санитарға да жеке алғысымды айтамын. Ол мені арбамен алып жүрді. Себебі, мен өздігіммен жүре алмаған едім", - деп жазды Мәдина Карамендина.

"Мен Құдайға шексіз ризамын. Терең тыныс ала білудің өзі де ғажап екен. Мен осы сәтте жанымда болған барлық адамға ризамын. Балаларыңыз, жақындарыңыз сіздермен мақтана алады. Сіздерге көп рақмет", - деді ол.

Сонымен қатар, Мәдина Карамендина барлық медициналық персоналдың үйлесімді жұмысы - бөлім басшысының еңбегі екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети