12 тамыз 2022 15:36

Оқушы қыз қабылдау комиссиясы қателігінен гранттан айырыла жаздаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғылым және жоғары білім министрлігі техникалық қатеге байланысты грантынан айырылған түлектің мәселесін шешкенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғылым және жоғары білім министрлігі техникалық қатеге байланысты грантынан айырылған түлектің мәселесін шешкенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп түлегі Жасмин Тастан Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарын тапсырған. Министрлік мәліметінше, қабылдау комиссиясының маманы "ҰБТ сертификатының деректерін енгізу кезінде техникалық қате жіберген".

Грант иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін ата-аналар оқу орнының басшылығы мен оқу бөліміне жүгінген.

"Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері бұл өтінішті қарап, шешім қабылдады. Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен тілдесіп, қателік үшін министр мен министрліктің атынан кешірім сұрады. Техникалық қате бірден түзетіліп, талапкер Жасмин Қуанышқызы СДУ (Сулейман Демирел атындағы университеті – еск.) грантына ие болды. Сонымен қатар, жатақханамен қамтамасыз етіледі", - деді министрліктегілер.

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің құжат қабылдауда қате жіберген қабылдау комиссиясының маманына сөгіс жарияланғаны айтылады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-ның аппарат басшылары мен ректорларына талапкерлердің құжаттарын қабылдау кезінде абай болу керек екенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети