1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Оқушылар арасында ұлттық олимпиада басталды

"Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысы мектеп оқушылары арасында инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау танытқан Ұлттық олимпиадаға еліміздің барлық мектебінің 6-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, үміткерлерді 6-8 және 9-11 сыныптар арасында екі топқа бөліп қатыстыру көзделген. Қатысушылар "Жасыл энергетика", "ІТ", "Модельдеу және робототехника", "Тұрмысқа пайдалы өнертабыстар" атты тақырыптық бағыттар бойынша бақтарын сынауына мүмкіндік бар", - деді "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысы" Кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев.

Кеңес төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстарды бағалауға арналған сарапшылар тобы құрылған. Сарапшылар тобына оқушылар өз жұмыстарын 2017 жылғы 15 қазанға дейін ұсына алады. Түрлі бағыт бойынша келіп түскен жұмыстардың ішінен сарапшылар тобы жүлдеге лайықтыларын анықтайды. Жүлдеге ие болған 10 жобаның авторына білім сертификаттары беріліп, кубок тапсырылады.

"Жүлдеге лайық деп танылған жобаларды одан әрі дамыту мақсатында кәсіби кеңестер мен ұсыныстар беру және коммерциаландыру үшін демеушілер тарапынан менторлық жасау көзделген", - деп атап өтті Кеңес төрағасы.

Доллар арзандады
ШҚО-да ұшақ өртенді