Олеся Кексельге қатысты тергеу тоқтатылды - ІІМ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыс жайты болмауына байланысты 5 желтоқсанда Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Барлық тергеу шарасы жүргізілді, шешімнің заңдылығын тексеру үшін материалдар прокуратураға жолданды", - деді министр үкімет отырысынан кейін.

Еске салайық, Олеся Кексель биыл мамырда арнайы прокурорлар қызметінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2018 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының орынбасары болған. 

2017 жылы Олеся Кексель "Жылдың мемлекеттік қызметкері" атанды. Ол ең күрделі сыбайлас жемқорлық істерімен айналысып, II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

"Азаптау туралы арыз түсті" - Тұрғымбаев Олеся Кексель ісі жайлы

Мұның алдында осыдан бір ай бұрын Ішкі істер министрлігінің өкілдері Олеся Кексельдің ісі тоқтатылды деген ақпаратты растамаған болатын. Ал бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаров керісінше Олеся Кексельдің ісі тоқтатылғанын айтқан еді. "Осыдан екі ай бұрын Кексельдің үстінен шағым түскенін білемін. Сенбі күні қылмыс құрамы болмағандықтан, Кексельге істің тоқтатылғаны жайлы хабарланды. Мұны Кексельдің өзі айтты. Тергеушінің өзі де хабарласып, қылмыс құрамы болмағандықтан, істің тоқтатылғанын айтты", - деген еді Қожамжаров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro