Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Өлгеннен кейінгі донорлыққа мемлекет пен медицина дайын - сарапшылар

17 Қазан 2014, 16:51
0
©REUTERS
©REUTERS

Мемлекет пен медицина қазіргі заңнаманың жағдайында Қазақстандағы өлгеннен кейінгі донорлыққа дайын. Бірақ шешуші сөзді халық айтады. Бұл туралы Алматыдағы "Трансплантологияға жаңа көзқарас" конференциясында медицина саласының сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өлгеннен кейінгі донорлық республикадағы ең көп талқыланып жатқан мәселе.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, қазір Қазақстанда трансплантацияға мұқтаж адамдар көбейіп жатыр. "Олардың ішінде, өкінішке орай, кішкентай балалар да бар. Бірақ донорлар банкінде бүйрек, бауыр, жүрек және басқа да ағза мүшелері жетіспей жатыр. 2014 жылдың мәліметі бойынша, бүйрек трансплантациясына 1718 адам мұқтаж, оның ішінде, 49-ы - балалар. 66 қаралушыға жүрек ауыстыру керек, оның ішінде, 13-і - бала. Жаңа бауыр 565 адамға керек, оның ішінде 15-і балалар", - деді баспасөз конференциясына қатысқандар.

Медициналық құқықтану саласының маманы Қуаныш Ақпәленов қазір қазақстандық заңнамалар донорлықтың барлық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді, бірақ бірқатар проблема бар. "Азаматтардың өлгеннен кейінгі донорлығына көзі тірісінде разылық білдіру механизмдерін жасау керек. Олар жасалып жатыр, бірақ дәл қандай болатынын әзірге айта алмаймын", - деді спикер. Оның айтуынша, қазір республикада өлгеннен кейінгі донорлыққа дайындық тексеріліп жатыр. "Адам өлген соң ағза мүшелерін донорлыққа беру-бермеу туралы ойлап та көрмеген болуы мүмкін. Бірақ презумпция "үндемеу - келіскеннің белгісі" ұстанымымен жұмыс істейді. Бірақ мұнда өлген адамның туыстары қарсылық білдіруі мүмкін. Бұл үшін заңнаманы дамыту керек және өлгеннен кейінгі донорлық механизмдерін нақтылап белгілеу керек", - деді заңгер.

Ол өлгеннен кейінгі донорлық саласындағы заңнамалық өзгерістер 2015 жылы, "Халық денсаулығы" кодексіне түзетулер енгізілген соң болатынын айтты. Сонымен бірге, сарапшылар адамдарды донор болуға шақыратын механизмдер жасауды да ұсынды. "Бұл түрлі әдістер болуы мүмкін. Мәселен, донорлық ағза мүшесін алған адам қайтыс болған адамның туыстарына көмектесе алады".

Айта кетейік, баспасөз мәслихатында мешіт пен шіркеу өкілдері де сөз сөйледі. Олар дін бірлігі позициясын білдіріп, Қазақстандағы барлық донорлық түрін қолдайтынын айтты. Мұнымен қатар, Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиохирургия және жүрек трансплантациясы бөлімшесінің жетекшісі Арман Тұғұмбаев Қазақстан халқының 70 пайызы өлгеннен кейінгі донорлықты қолдайтынын мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай