18 шілде 2022 10:08

OLIMP KZ ісі: 5,5 миллион доллардан аса қаржы Ұлттық банкке аударылады

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото архивтен Фото архивтен

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілі OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі ісі туралы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілі OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі ісі туралы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген 5,5 миллион доллар мен 200 мың еуроны Ұлттық банкке аудару рәсімі жүріп жатыр", - деді комиссия өкілі.

"Сондай-ақ, 95 миллиард теңгеге залал келтірген осы букмекерлік кеңсенің басшысы С.-ны қоныс-колонияға ауыстыру (ұстау шарттарын жеңілдету) туралы Қапшағай қалалық сотының 6 маусымдағы қаулысының күшін жою туралы жеке өтінішхат енгізілді", - деп толықтырды ведомство қызметкері.

Мемлекет пайдасына осы іс бойынша 3,6 миллиард теңге тәркіленген (4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік, Алматыдан 30 жылжымайтын мүлік).

Еске салайық, Олимп KZ букмекерлік кеңсесіне қатысты үкім 2021 жылғы маусымда жарияланды. Кейін сотталушылар 5 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Олимп KZ букмекерлік кеңсесінің қызметін тексеруді 2019 жылғы желтоқсанда бастады. Сонымен қатар, букмекерлік кеңсе әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегіне қатысты соталды тергеу басталған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, компания заңнама нормаларын бұзған әрі интернет-ресурстармен табыс табу арқылы лицензияланбаған қызметті жүзеге асырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети