Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин: Жеңісіме ұзақ уақыт сене алмадым

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Жүзуден Олимпиада чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин Риодан Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қазақстандықтар спортшыны салтанатты түрде әуежайда күтіп алды. Кездесуге қала әкімі Бауыржан Байбек те келді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жүзуден Олимпиада чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин Риодан Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қазақстандықтар спортшыны салтанатты түрде әуежайда күтіп алды. Кездесуге қала әкімі Бауыржан Байбек те келді.

 

Сонымен қатар Риодан ұшып келген Олимпиада чемпионы өзінің Риодағы жеңісі жайлы, оны бірден сезінбегені жайлы айтып берді. "Суға сүңгіп кеткенде не болып жатқанын түсінбейсің. Сондықтан мен жеңіске жеткеніме ұзақ уақыт сенбей, кестеге қайта-қайта қарап, тексере бердім: "Қалайша мен жеңдім? Бұл қателік емес пе? Кейіннен ғана жеңгеніме сеніп, сіздерге осындай қуаныш пен мақтаныш сыйлағанымды түсіндім", - деді спортшы.

Сондай-ақ Баландин оның жеңіске жетуіне анасының көрсеткен қолдауы көмек болғанын айтты. "Ана - саған үнемі сенім білдіретін, қолдау көрсететін жан. Анама рақмет", - деді Дмитрий.

Спортшының айтуынша, жарыста үлкен бәсекелестік болғандықтан алтын медаль аламын деп ойламаған екен. "Елімнің туын осылайша жеңіске жету арқылы таныстыру - мен үшін үлкен құрмет. Бізге жанкүйер болған барлығына рақмет. Президентке алғыс айтамын. Ол еліміздегі спортты дамыту үшін барлық жағдайды жасады. Барлығымыз бірге осындай жеңіске жеткенімізге қуаныштымын! Рақмет!", - деді Олимпиада чемпионы.

Еске салайық, Баландин 2:07.46 уақыт нәтижесімен финалда сенсация жасап, Қазақстан тарихында жүзу спортынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанып отыр. Сонымен қатар, Баландиннің сенсациялық жеңісінің видеосы жария болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer