07 маусым 2018 09:41

Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Үкіметінің қаулысымен Олжас Амангелдіұлы Әбішев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ҚР Үкіметінің қаулысымен Олжас Амангелдіұлы Әбішев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Олжас Әбішев 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2005 жылы Әулие Ата университетін, 2006, 2010 жылдары Инженерлік колледжді, Андон ұлттық университетін (Оңтүстік Корея) тәмамдаған. Мамандығы бойынша -экономист-информатик, заңгер-құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған.

Түрлі жылдары "Қазагромаркетинг" АҚ, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ, "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ, "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ, "Astana Innovations" АҚ, "Тұран Астана" университетінде, сондай-ақ, коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2017 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ДСМ "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" РМК бас директоры лауазымын атқарған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети