01 наурыз 2017 | 12:20

Өлім жазасы, депутаттардың жасы және 26-бап - Қазақстан халқы Ата заңға қандай өзгеріс енгізуді сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Даниал Ахметов © Даниал Ахметов

Жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Президентке қазақстандықтардың Конституцияға ұсынған негізгі өзгерістері жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Президентке қазақстандықтардың Конституцияға ұсынған негізгі өзгерістері жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақсыбековтың айтуынша, қазақстандықтардан алты мыңнан аса ұсыныс келген. Олар Конституцияның 98 бабының 63 бабына қатысты мәселелерді қозғап жатыр. Ол баптар негізгі заңның барлық бөлімін қамтиды. Ұсыныстар әртүрлі, тек жобалармен тоқтап қалған емес. Осылайша қазақстандықтар ұсынған өзгерістер бірнеше блокка бөлінген.

"Мемлекет басшысының өкілеттігі туралы бөлімге қатысты 40-тан аса ұсыныс келді. Парламент өкілеттігі жайлы 88 ұсыныс келіп түсті. Жалпы қазақстандықтар Парламент жұмысын күшейту мәселесін қолдап отыр",  - деді Жұмыс тобының басшысы Әділбек Жақсыбеков.

Сондай-ақ, Жақсыбеков Парламенттік республикаға көшу туралы ұсыныстардың болғанын айтып өтті. Кейбір азаматтар Парламентті құру тәртібін өзгертуді ұсынып жатыр. Олардың айтуынша, Парламентті екі палата емес, бір палата етуге болады.

"Депуттатық корпустың талаптарын күшейту ұсынылды. Үкіметтің жұмысы жайлы айтатын болсақ, қазақстандықтар үкіметтің Парламентке есеп беруге міндеттілігін күшейтуді ұсынады. Сондай-ақ, бұл жерде шешімдердің Мәжіліс және Сенатпен келісімге келу арқылы қабылдану керектігі айтылады. Және үкіметтің тек Мәжіліс алдында емес, сондай-ақ, жалпы Парламент алдында есеп беру қажеттілігі туралы ұсыныстар келді", - деді Жақсыбеков.

Ал конституциялық кеңеске қатысты ол 18 ұсыныстың келгенін айтты. "Конституциялық кеңесті құру тәртібін өзгерту, сондай-ақ, Конституциялық сотты қайта құру туралы ұсыныс түсті. Ал ең көп  - 2148 ұсыныс құқық қорғау және сот органдарының жұмысы жайында болды. Онда судьяларға деген талаптарды күшейту туралы, заңгер мамандығының еңбек өтілі мерзімін ұзарту туралы айтылды", - деді Жұмыс тобының жетекшісі.

"Адвокаттардан да көп ұсыныс түсті. Олар адвокаттардың өкілеттігін арттырып, айыпталушылар құқықтарының кепілін арттыру және соттың санкциясы болмаған кезде қамау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа қысқарту туралы ұсыныс білдірді", - деді Жақсыбеков.

Сондай-ақ, мәслихаттар мен жергілікті басқару органдары назарсыз қалмады. Атап айтқанда азаматтар депутаттарға жас бойынша шектеу қойып, қайта сайлануға шектеу қоюды ұсынды. Сонымен бірге, халыққа әкімдерді тағайындау мүмкіндігін беру жайы да сөз етілді.

"Сұрақтардың көбі Конституцияның 26-бабына өзгерту енгізуге қатысты екенін айта кетейік. Бұл мәселе бойынша ашық пікірталас болды - түрлі пікір болды. Азаматтардың бір бөлігі өзгеріс енгізуге жақсы баға берді, ал көпшілік өзгеріске қарсы. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің рөлін күшейту мен ағылшын тіліне ресми статус беру және этникалық қазақтарды қабылдау тәртібін жеңілдету бойынша ұсыныстар болды", - деп атап өтті ол.

Өлім жазасына қатысты ұсыныстар түскен. Жақсыбековтың айтуынша, бұл жазадан толық бас тарту мен оны қолдану керек жағдайларды арттыру керек деген түрлі пікірлер айтылды. Жұмыс тобы барлық ұсыныстарды жіті зерттеді. Жалпы жұмыс тобы 4 отырыс өткізіп, реформаның түрлі аспектілерін талқылады. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдардың сарапшылары мен шетелдік мамандар тартылды.

"Қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін Конституцияға өзгеріс енгізу жобасы сіздің қарауыңызға беріледі. Мұнда бүкілхалықтық талқылау қорытындылары ескерілді. Конституциялық реформалар жобасы біздің ақылымыз бен нұсқауларымыз бойынша аяқталды. Біздің басты мақсатымыз Президент реформасын сақтау және мемлекеттік билік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Алдымен 40 өкілеттілікті өткізу ұсынылған, дегенмен, Елбасының 35 өкілеттілігі қайта бөлініп берілетін болды. Соның ішінде, экономика, қаржы, мемлекеттік мүлікті басқару, әкімшілік-аймақтық құрылым мәселелерін шешуге қатысты өкілеттіктер", - деп аяқтады сөзін жұмыс тобының жетекшісі.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік жиында билік тармақтарын үлестіру мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.

"Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл - Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға жасаған үндеуінде

2017 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Президенті биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездескен еді. Мемлекет басшысы отырыста мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өткен болатын.

Ал 13 қаңтарда Ақорда Мемлекеттік билік өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының тізімін жариялаған еді. 

24 ақпанда жұмыс тобы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімінің аяқталғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети