"Оңай" картасы доллар бағамына байланысты екі есеге қымбаттады

20 Қыркүйек, 16:48
0
"Оңай" картасы доллар бағамына байланысты екі есеге қымбаттады -

Алматыда "Оңай" жеңілдік карталарын қайта шығару екі есеге қымбаттады. Бағаның өзгеруі доллар бағамының өсуіне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы алматылық көпбалалы ана Галина Гуляева Facebook желісіндегі парақшасында жазған.  

"Балаларым жоғалған карталарын қалпына келтіру үшін Оңай орталығына барған. Былтыр бұл қызметтің құны 700 теңге болған, ал қазір 1 тамыздан бастап 1500! Бұл балаларға арналған жеңілдік картасы! Ал бір айлық жол жүру билеті 1000 теңге тұрады...", - деп жазған ол.  

"Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС өкілдері бұл ақпаратты растады. Компанияның баспасөз қызметіндегілер "Оңай" картасын алғаш жасату бұрынғыша 500 теңге, ал қайта жасату барлығына дерлік 1500 теңге екенін хабарлады. 

Тек балалар үйіндегі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының, жасөспірімдер үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері үшін (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін; көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар үшін) мектеп оқушыларының карталарын қайта шығару 950 теңге тұрады.

Компания қызметкерінің айтуынша, карта құнына валюта бағамы әсер етеді, себебі олар шетелде жасалады. 

"Карталарды сату және қайта шығару компания үшін табыс көзі емес. Қайта шығару құнының өсуіне карталарды өндіруге жұмсалатын шығынның артуы әсер етті. Олардың өзіндік құны пластик картаның доллармен есептегендегі бағасымен сәйкес, сонымен қатар, Қазақстаннан тыс және Алматы қаласы бойынша карталарды тіркеуге және жеткізуге кеткен шығындардан тұрады", - делінген хабарламада.

Компания өкілі картадағы чип-ақпарат тасымалдаушы Еуропа елдерінде, сондай-ақ Орталық және Солтүстік Америкада шығарылатынын айтты. Ал пластиктің өзі Испания зауыттарында жасалады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай