11 желтоқсан 2020 17:10

Оңтүстік Корея Қазақстанға 375 мың доллардың гуманитарлық көмегін жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Корея Республикасының үкіметі Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19-бен күрес үшін тағы гуманитарлық көмек жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Корея Республикасының үкіметі Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19-бен күрес үшін тағы гуманитарлық көмек жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Оңтүстік Кореядан Қазақстанға жалпы сомасы 300 000 доллар болатын 72 оттек концентрат және науқастарға арналған 50 мониторды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дүниежүзілік жеткізу желісі (WHO global supply chain) арқылы гуманитарлық көмек келді.

"Ертең тағы үшінші партия Алматыға 75 000 доллар болатын 111 000 дана KF94 қорғаныш маскалары жеткізіледі. Біз Оңтүстік Корея елшілігі, ДДҰ, ҚР үкіметі арасындағы үшжақты ынтымақтастық аясында көрсетілген гуманитарлық көмек жоғары бағаланады деген үміттеміз. Бұған дейін Корея Республикасы құны 800 000 доллар болатын гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім шығарған. Соның аясында Қазақстанға қазанда 425 000 долларға ПТР-тест жиынтығы әкелінді және аймақтарға таратылды", - деді Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок.

Гуманитарлық көмекті табыстау шарасына ДДҰ Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинваль және ДСМ вице-министрі Ерлан Қиясов қатысты.


© Tengrinews.kz 

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Корея елшілігі Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған мекемеге гуманитарлық көмек табыстаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети