Оңтүстік Корея шекарасында қазақстандықтарды тексеру қатаңдатылды

12 Шілде 2017, 14:16
0
Оңтүстік Корея шекарасында қазақстандықтарды тексеру қатаңдатылды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Кореяның көші-қон органдары Қазақстан азаматтарына қатысты елге кіру кезіндегі тексерісті қатаңдатты, бұған мемлекетке елімізден заңсыз барушылардың көбеюі себеп болған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз мәслихатында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҚР мен Корея Республикасының арасындағы визалық режимді алып тастау туралы 2014 жылдың қарашасындағы келісім Кореяда еңбек қызметіне жатпайтын Қазақстан азаматтарына қатысты қолданылады. Бұған қарамастан, Қазақстанның көптеген азаматтары Кореяға визасыз режим бойынша жұмысқа тұру үшін барады. Осыған байланысты Кореяда заңсыз мигранттар көбейген. Сондықтан Корея Республикасының көші-қон органдары Қазақстан азаматтарына елге кіру кезіндегі тексерісін қатаңдатты", - делінген хабарламада. 

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, Қазақстаннан Кореяға барған заңсыз мигранттардың саны 2017 жылдың наурызында 4 168 адам болған. 2014 жылдан бері мигранттар саны 11 есеге өскен, заңсыз мигранттар туралы келісімге дейін Қазақстаннан 359 ғана адам барған еді.

2014 жылы Қазақстаннан Кореяға жаңа барған заңсыз мигранттардың саны 77 болса, ал келісім жасалғаннан кейін 3 520-ға дейін өсіп кеткен, яғни 45 есеге өскен. 

Елшіліктегілер Қазақстан азаматтарына Кореяға қандай жағдайда кіруге қандай негізгі себептер бойынша тыйым салынатынын атап өтті. Олар - аурухананы брондау немесе қай ауруханада емделетіні жайлы жоспарының жоқтығы кепіл роліндегі медициналық агенттің жоқтығы - медициналық сапар жағдайында; сапар жоспарының жоқтығы, көрікті жерлерді аралау жоспары, сондай-ақ, туыстары мен туристік агенттіктері жоқ жағдайда - туристік сапарлар жағдайында; шақыртқан ұйымдардың мәліметтері немесе нақты сипаттмалары болмаған жағдайда, Кореядағы серіктестер мен жоба жұмыстарының жоқтығы - іскерлік сапар жағдайында. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай