13 қараша 2019 09:11

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың анасы үндеу жасады

Видеодан алынған кадр

Оңтүстік Кореяда жеті жастағы баланы қағып кеткен қазақстандықтың анасы үндеу жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24".  Үндеу Кореядағы жергілікті JTBC NEWS телеарнасында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда жеті жастағы баланы қағып кеткен қазақстандықтың анасы үндеу жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24".  Үндеу Кореядағы жергілікті JTBC NEWS телеарнасында жарияланды.

Реклама
Реклама

"Мен, Қазақстан азаматшасы, Корея Республикасына келу себебім - ұлымның және өзімнің атынан кешірім сұраймын. Корея халқынан болған жол-көлік оқиғасы үшін кешірім сұраймын. Ертерек келе алмадым. Ұлым заң алдында жауап береді. Барлығыңыздан баланың денсаулығы үшін дұға етулеріңізді сұраймын. Зардап шеккен баладан және оның ата-анасынан кешірім сұраймын.

Мен ана ретінде сіздерді түсініп отырмын. Балаңыз үшін дүға етіп жатырмыз. Алдағы уақытта жасалатын отаға және ем алуға көмектесуге дайынбыз. Қажет болса ұлымыз екеуіміз органымызды береміз", - деді әйел үндеуінде.

Еске салайық, бұған дейін 20 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда бала қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған болатын. Жәбірленуші жансақтау бөліміне түскен. Ол 18 түрлі жарақат алған. Кейінірек күдікті Павлодардан табылған еді. Артынша қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға қайта барған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram