Оңтүстік Кореямен арадағы визасыз тәртіп биыл күшіне енуі мүмкін

19 Маусым 2014, 18:20
1
Оңтүстік Кореямен арадағы визасыз тәртіп биыл күшіне енуі мүмкін - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақстанның Оңтүстік Кореямен арадағы визасыз тәртібі жылдың соңында күшіне енуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін келісімге қол қойылды. Қол қойылған соң мемлекетішілік келісу талап етіледі. Ол барлық министрліктер мен ведомстволарда өтеді. Әдетте оған 3-4 ай кетеді. Екі елдегі келісулерден соң ратификациялық ноталар алмасады. Бұдан соң келісім 60 күн өткеннен кейін күшіне енеді", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.

Ол тараптардың барлық уақытта мемлекетішілік келісуді жылдам аяқтамайтынын айтты. "Өткен жылы қыркүйекте біз Бразилиямен визасыз тәртіп туралы келісімге қол қойдық. Біздің тарап барлық рәсімді жылдам аяқтады, Бразилия болса, әлі күнге дейін мемлекетішілік шараларды жүргізіп жатыр", - деді Айтмаханов.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының басшысы Пан Кын Хе бірқатар келісімге қол қойған болатын. Соның бірі - визасыз тәртіп туралы келісім. Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның жалпыазаматтық төлқұжат алған азаматтары екі елдің аумағына бір ай мерзімге дейін визасыз кіре алатын болады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай