28 қыркүйек 2021 10:23

Опра Уинфри жобасында шыққан күзгі Алматы видеосы жұртты тәнті етті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал америкалық тележүргізуші Опра Уинфридің жобасы Instagram-да күзгі Алматының видеосын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал америкалық тележүргізуші Опра Уинфридің жобасы Instagram-да күзгі Алматының видеосын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны 2020 жылдың қазанында Алматыда қазақстандық танымал видеограф Анзор Гасаев түсіргені белгілі болды.

"Досым таңертеңгі уақытта жүгіреді, ол Instagram-ға видео жариялады, соны кездейсоқ көріп қалдым. Сол кезде дрон сатып алған едім. Видеоны күтпеген жерден, 5 минут ішінде түсірдім. Видео түсіруге келгенде, адам көп болды. Бірақ дронды ұшырғанда, бәрі кетіп қалды", - деді ол.

Оның айтуынша, видеоны көптеген шетелдік бөліскен.

"Міне видеоны Опра жариялады. Қандай сезім болсын, қуаныштымын. Бекер емес, жалғастыру керек, көбірек түсіру керек", - деді Анзор Гасаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Oprah Daily (@oprahdaily)

Видео авторы Анзор Гасаевқа Туризм күні қарсаңында мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұловадан алғыс хат келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети