18 қазан 2018 16:30

Орал әкімі қанша жалақы алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Мұқаев. © uralskweek.kz Мұрат Мұқаев. © uralskweek.kz

Орал әкімі Мұрат Мұқаевтың жалақысы қанша екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орал әкімі Мұрат Мұқаевтың жалақысы қанша екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орал әкімі салық төлемдерін алып тастағанда қолына 390 322 теңге алады. Бүгінде бұл ең төменгі 17 жалақыға тең. Жыл сайынғы орташа табысы - 7 миллион 265 мың 505 теңге. 

"Салықты уақтылы төлеймін, жыл сайын 532 769 теңге төлеймін. Жалақым жетеді. Кейбір сомасын жинап жүрмін", - деп жауап берді Мұрат Мұқаев Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

Қала әкімінің жалақыны көбіне тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсайтыны айтылады.

Мұның алдында БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің, Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың жалақысы аталған еді. 

Кейінірек Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің айлық жалақысы қанша екенін айтқан болатын. Ақмола облысы бойынша облыс орталық әкімінің айлық көрсеткіші - 451 627 теңге.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айына 967 672 теңге алады екен. Кейін Павлодар қаласының әкімі қанша алатыны белгілі болды. Әнуар Көмпекеевтің мөлшерлемесі - 462 245 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети