25 наурыз 2023 08:57

Орал - Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайғылы оқиға Орал - Атырау тасжолының 308-ші шақырымында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайғылы оқиға Орал - Атырау тасжолының 308-ші шақырымында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 наурызда сағат 14.30 шамасында Орал - Атырау тасжолының 308-ші шақырымында "ГАЗель" көлігінің тіркемесі ажырап, қарсы жолаққа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Toyota көлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен оның 22 және 42 жастағы жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. 1979 және 1991 жылы туған зардап шеккендер Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.

Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети