17 мамыр 2020 18:08

Оралда ардагердің отбасынан әскери наградалар ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tvzvezda.ru Фото: tvzvezda.ru

Орал қаласында ұрылар Ұлы Отан соғысы ардагерінің ордендерін қолды етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орал қаласында ұрылар Ұлы Отан соғысы ардагерінің ордендерін қолды етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктілер 15 мамырда ардергердің қызының пәтеріне ұрлыққа түскен. Олар зейнеткердің жеке заттарымен қатар оның марқұм әкесінің әскери наградаларын ұрлап кеткен. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қызыл жұлдыз", "Ерлігі үшін", "Әскер ерлігі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Еңбегі үшін", "Ерен еңбегі үшін" ордендері мен "Ағартушы үздігі" төсбелгісі ұрланған. Сонымен қатар, пәтер иесінің алтын бұйымдары ұрланды", - дейді полиция қызметкерлері.

60 жастағы зейнеткер ұрылар үйіне сыртта жүргенде ұрлыққа түскенін айтады. Шығынның мөлшері - 800 мыңнан астам теңге. Бұл істі Орал қаласы полиция басқармасы Абай бөлімінің тәртіп сақшылары тергеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети