19 қазан 2021 15:06

Оралда итті байлап алып, көшеде сүйреген жүргізуші анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жүргізуші итті көлікке байлап, көшеде сүйреген. Оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.


Оралда жүргізуші итті көлікке байлап, көшеде сүйреген. Оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде көлікке байланған итті көшеде сүйреп бара жатқан видео таралып жатыр. Видео авторы артта келе жатқан көлікте не болып жатқанын видеоға түсірген. Оның айтуынша, кадр Оралда түсірілген.

Қалалық полиция бөлімі көлік жүргізушісін анықтады. Ол - Орал қаласының 55 жастағы тұрғыны.

"Өкінішке орай, ит өлді. Бұл дерек полиция бөлімінде тіркелді. Қазір қызметкерлер оқиғаның себептерін анықтап жатыр", - деп хабарлады полиция.

Бұл Қазақстанда жүргізушілер иттерді көлікке байлап, қала көшелерімен сүйреген бірінші жағдай емес. Бұған дейін Екібастұзда 2020 жылдың соңында және Атырауда қаңтарда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети