04 маусым 2020 09:45

Оралда қалалық парк жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zko-park.kz сайтынан Фото: zko-park.kz сайтынан

4 маусымда Оралда кәсіпкерлер мен тұрғындар санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін қалалық мәдениет және демалыс паркі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


4 маусымда Оралда кәсіпкерлер мен тұрғындар санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін қалалық мәдениет және демалыс паркі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 мамырда Орал әкімі Абат Шыныбеков және қаланың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауов паркті жалға алушылармен кездескен. Сол кезде карантин режимін және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керегі түсіндірілген. Кәсіпкерлер өздері талаптарды орындайтыны және клиенттерден де талап ететінін айтып, сендірген.

Әкімдіктегілердің айтуынша, мониторинг тобы рейд жасаған кезде паркте бірнеше ережебұзушылық анықталған. Қорғану шараларын кәсіпкерлер де, клиенттері де сақтамаған. Сауда орындарында дезинфекция жүйелі түрде жасалмаған. Бұл ақпаратты топ фото және видеоға түсірген дәлелдерімен растап отыр.

"Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігі және оларды қорғау үшін тұрғындарға паркке келуге тыйым салынды. Коронавирусты жаппай жұқтырмауы үшін парк жабылды. Ережебұзушылықтар жойылған жағдайда шешім қайта қаралады", - деп мәлімдеді Орал әкімдігіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети