17 ақпан 2019 10:26

Оралда нан қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 ақпанда Орал қаласындағы барлық дүкендерде жоғарғы сұрыпты нан бағасы 5-10 теңгеге өсті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


16 ақпанда Орал қаласындағы барлық дүкендерде жоғарғы сұрыпты нан бағасы 5-10 теңгеге өсті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Бұрындары жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан 90 теңгеден тұрса, енді бұл өнімді қала тұрғындары 100 теңгеден сатып алатын болады. Жеке дүкендерде және сауда орталықтарында нан 105-110 теңге тұрады, олар өздері де үстіне қосып, пайда табады.

Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Исатай Жазықбаев нан бағасы үшінші санатты бидайдың сатып алу бағасының қымбаттауына байланысты қымбаттағанын айтты.

"Егер 2018 жылы бір тонна бидайды кәсіпкерлер 48-50 мың теңгеден сатып алған болса, 2019 жылдан бастап бір тонна бидайды 68-70 мың теңгеге сатып алған. Осылайша, ұн мен нан қымбаттады. Сонымен қатар, бұған тасымалдау шығындары да кіреді. Өйткені, негізгі көлем еліміздің солтүстік аймақтарынан әкелінеді, сондықтан бұрынғы бағаны ұстап тұру мүмкін емес", - деді Исатай Жазықбаев.

Бөлім басшысының айтуынша, бірінші сұрыпты әлеуметтік маңызы бар нанның бағасы көтерілмейді.

"Бірінші сұрыпты нан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіреді. Сондықтан оның бағасы көтерілмейді. Жоғары сұрыпты нан наубайханадан бір данасы үшін 99-100 теңгеге беріледі. Фирмалық киоскілерде ол да тұр. Бірақ бұл жеке дүкендер мен сауда нүктелеріне қатысты емес. Олар, тиісінше, өз үстемесін жасайды. Өкінішке орай, нанның бағасы көтерілмей қоймайтын еді. Алайда басқа әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы көтерілмейді", - деп қорытындылады Исатай Жазықбаев.

Портал мәліметінше, Оралда жеті ірі наубайхана жұмыс істейді және барлық нан түрі жаңа бағамен сатылып жатыр екен. 

2019 жылдың қаңтарында Оралда жоғары және бірінші сортты ұн бағасы 250 теңгеге көтерілді. Ал 50 келі бірінші сұрыпты ұн бағасы 6200 теңге, бірінші сұрып - 5350 теңге. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети