22 шілде 2018 18:03

Оралда сауда орталығын су басып қалды - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Оралда қатты жауған жауынның салдарынан қаладағы ең ірі сауда орталықтарының бірін су басып қалды. Сонымен қатар, бірнеше жеке үйге де су кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Оралда қатты жауған жауынның салдарынан қаладағы ең ірі сауда орталықтарының бірін су басып қалды. Сонымен қатар, бірнеше жеке үйге де су кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыс орталығында 21 шілдедегі кештен бастап ауа райы тосын мінез танытқан. Оралда түні бойы жаңбыр құйды. Таңертең ғимараттарды су алғаны туралы хабар тараған. "Сити центрде" түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бұл сауда орнына күніне 15 мыңға жуық адам келеді екен. 

Орталықтың жертөлесін су басып қалған. Сауда орны басшыларының айтуынша, шығынның көлемі анықталып жатыр.

Әкімдікте шұғыл түрде жиын өтіп, коммуналдық және шұғыл қызмет мамандары іске кірісті.

Су басу бойынша 28 өтініш түскен. Мамандардың айтуынша, 960 шаршы метр су сорылды және қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети