05 қараша 2015 16:43

Оралда уланып қалған оқушылар ауруханадан шыға бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© phytomed.org © phytomed.org

Оралда жұқпалы аурулар ауруханасына түскен "Дарын" мектеп-интернаты оқушыларының басым бөлігі үйлеріне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оралда жұқпалы аурулар ауруханасына түскен "Дарын" мектеп-интернаты оқушыларының басым бөлігі үйлеріне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қараша күні 129 оқушының 76-сы ауруханадан шықты, олар 30 қазаннан бастап жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. "Олар емханада емделетін болады. Ата-аналарға тиісті нұсқаулықтар берілді, олар диета ұстап, күн тәртібін сақтайды. Ем алу 7-10 күнге созылады, сондықтан 31 қазаннан кейін ауруханаға түскен қалған балалар үйлеріне кейінірек қайтарылады", - деді баспасөз хатшысы Флюра Саматова.

Еске сала кетейік, 30 қазанда Батыс Қазақстан облысында 19 оқушының жұқпалы аурулар ауруханасына түскені хабарланған болатын. Кейін олардың саны 35-ке жетіп, ақыры 129 бала ауруханадан бірақ шықты.

Бастапқыда дәрігерлер балаларда энтеровирустық инфекцияның болуы мүмкін екенін айтты, алайда кейін мектептің асханасынан сальмонелла бактериясы табылды. Сонымен қатар, дәрігерлер нақты диагноз ретінде дизентерияны атады. Айта кетейік, қазіргі таңда бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети