24 ақпан 2014 13:31

Оразкүл Асанғазы мемлекеттік тіл жағдайының шынайы статистикасын көргісі келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оразкүл Асанғазы ©Нұрғиса Елеубеков Оразкүл Асанғазы ©Нұрғиса Елеубеков

Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы Қазақстандағы мемлектетік тіл жағдайының шынайы статистикасын көргісі келеді. Осыған орай, депутат Статистика агенттігінің басшысына бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Елбасы бекіткен 5 мемлекеттік бағдарламаның біреуі - тіл туралы. Осы бағдарлама аясында мемлекеттік тілдің ахуалына мониторинг жасап, нақты мәлімет алу ойыңызда бар ма?" деп сұрады Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Асанғазы. Оның сөзіне қарағанда, статистика агенттігінің мәліметтерінде еліміздегі орта және жоғары оқу орындарының, бала бақшалардың тек саны ғана беріледі. Ал көпшілікті қызықтыратыны Елбасының тілге қатысты тапсырмасының орындалуы барысын білу. "Мәселен, мектептерде қазақ тілінде оқып жатқан өзге этнос балаларының саны қанша? Ал өзге тілдерде оқып жатқан қазақ балаларының саны ше? Тәуелсіздіктің 23 жылдығында осы бағыттағы үлес салмақ қалай ажыратылып жатыр?"- дейді депутат. Бұдан бөлек, О. Асанғазы мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік тілдің ахуалына қатысты ақпаратқа да күмән келтірді. Оның пайымынша, мемлекеттік қызметте қазақ тілі басым жағдайда аудармамен ғана көмкеріліп тұр. "Мемлекеттік қызметкерлерді "қазақ тілін түсінбейтіндер; тілді түсінетіндер; мемлекеттік тілде сөйлей алатындар және жаза алатындар" деп беске бөлсек. Осылай өңірлер бойынша мәлімет алып, мемлекеттік тіл ахуалын шындыққа шығарсақ. Интернеттегі мемлекеттік тілдің халі де нешік? Мәдениет министрлігі өзі қаражат аударатын 93 БАҚ-қа сүйеніп, еліміздегі мемлекеттік тілде интернет пайдаланушыларды 54 пайыз дейді. Ал ресми емес дереккөз бұның 5-ақ пайыз екенін алға тартады. Сонда қайсысына сенеміз? Сіз не дейсіз?", - деп төте сұрақ қойған депутат Асанғазы мемлекеттік тіл туралы бағдарламаның Статистика агенттігінің назарынан тыс қалғанын да тілге тиек етті. Өз кезегінде Статистика агенттігінің басшысы мемлекеттік тіл ахуалына қатысты түрлі ақпараттар бар екенін, министрліктердің сұрауына орай ондай ақпараттар беріліп те жатқанын жеткізді. Айтпақшы, сөз арасында депутат Асанғазы агенттік басшысының орыс тілінде баяндағанын сынға да алды. Сондай-ақ, депутат Сейітсұлтан Әйімбетов те "Мәжілісте мемлекеттік тілді білетіндер қазақ тілінде баяндаймыз деп келіскен едік қой" деп ескертті. Мұндай ескертуге ден қойған агенттік басшысы Әлихан Смайылов келесі баяндамасын таза қазақ тілінде жасауға уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети