09 желтоқсан 2020 14:45

"Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған кәсіпкерлер қатаң жазаланады". Елорда әкімі үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: с drive2.ru Фото: с drive2.ru

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық тамақтану орындарындағы газ баллоны жарылысына байланысты елордалық кәсіпкерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық тамақтану орындарындағы газ баллоны жарылысына байланысты елордалық кәсіпкерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі қайғылы жағдайдан кейін полиция мен ТЖД өкілдеріне қоғамдық және тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуын тексеруді тапсырған болатын.

Көлгінов газ баллоны жарылысына кінәлі адамдар қатаң жауапқа тартылатынын ескертті.

"Газ баллонын қолданатын, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған кәсіпкерлерге, бизнес өкілдеріне, әсіресе қоғамдық тамақтандыру нысандарымен жүрген кәсіпкерлерге айтқым келетіні - азаматтардың қауіпсіздігін ұмытпаңыздар. Кінәлілер қатаң жауапқа тартылады, адам шығыны болған жерде ешқашан жақсылық болмайды.

Зардап шеккендерге көмектесу керек - кәсіпкерлерге айтамын. Мемлекет көмектен қашпайды. Жауапкершіліктен қашпау керек. Бұл жағдайда бірінші кезекте кәсіпорынның басшысы жауап береді. Жауапкершіліктен ешкім құтылмайды. Сондықтан тексерушілер қашан келеді деп күтпеңіздер", - деді елорда әкімі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Еске салайық, 1 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тағы да жарылыс болған еді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Мұндай жағдай 22 қарашада да болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети