Орталық Азиядағы жер сілкінісі: жерасты дүмпуі Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстанда сезілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

13 сәуірде Тәжікстанда болған жер сілкінісі Қазақстан мен Өзбекстан аумағына да әсер етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

13 сәуірде Тәжікстанда болған жер сілкінісі Қазақстан мен Өзбекстан аумағына да әсер етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәжікстандағы жер сілкінісі

Қазақстан ҰЯО ГЗИ Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, Тәжікстанда магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 09:24-те тіркелген. Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 5,9 балл болған.

Қазақстандағы жер сілкінісі

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 13 сәуірде Астана уақытымен 09 сағат 23 минутта жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.

Есептік қарқындылығы (балл):

  • Мырзакент ауылы - 3 балл.
  • Жетісай - 3 балл.
  • Абай ауылы - 3 балл.
  • Сарыағаш - 3 балл.
  • Қазығұрт ауылы - 3 балл.
  • Шардара - 3 балл.
  • Ленгір - 3 балл.
  • Сайрам ауылы - 3 балл.
  • Шымкент - 3 балл.
  • Манкент ауылы - 3 балл.
  • Ақсукент ауылы - 3 балл.
  • Тұрар Рысқұлов ауылы - 3 балл.
  • Бауыржан Момышұлы - 3 балл.
  • Арыс - 3 балл.
  • Темірлан ауылы - 3 балл.
  • Тараз - 3 балл.
  • Сарыкемер ауылы - 3 балл.
  • Аса ауылы - 3 балл.
  • Құлан ауылы - 2 балл.
  • Мерке ауылы - 2 балл.
  • Қаратау - 2 балл.
  • Шаян ауылы- 2 балл.
  • Шәуілдір ауылы - 2 балл.
  • Жанатас - 2 балл.
  • Түркістан - 2 балл.
  • Қордай ауылы - 2 балл.
  • Кентау - 2 балл.
  • Шолаққорған ауылы - 2 балл.
  • Шорнақ ауылы - 2 балл.
  • Шу - 2 балл.
  • Төле Би ауылы - 2 балл.
  • Мойынқұм ауылы - 2 балл.
  • Жаңақорған ауылы - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Өзбекстандағы жер сілкінісі

Жерасты дүмпулері Өзбекстан аумағында да сезілген. Мұндағы жер сілкінісінің күші 2-3 балл шамасында болған.

Зілзала Ташкент және Өзбекстанның бірнеше облыстарында – Ферғана, Наманган, Сырдария, Әндіжан, Жызақ, Самарқанд және Сурхандария аймақтарында сезілген. Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында орналасқан.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer