ОСК депутат Жамаловты тексереді

18 Қаңтар 2017, 18:25
0
ОСК депутат Жамаловты тексереді - Тұрар Қазанғаповтың суреті © Nikon D500 аппаратына түсірілген
Тұрар Қазанғаповтың суреті © Nikon D500 аппаратына түсірілген

ОСК депутат Аманжан Жамаловты тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылдың 18 қаңтарында ҚР Орталық сайлау комиссиясында биыл 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған "Успешный" депутат Жамалов может покинуть Парламент Казахстана" мақаласындағы дерек бойынша отырыс өтті", - делінген хабарламада.

ҚР ОСК мүшесі М.А.Сәрсембаевтың хабарламасы тыңдалғаны және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты А.М.Жамаловтың түсінігі тыңдалғаны хабарланып отыр.

ҚР Конституциясының 52-бабының 6-тармағына сәйкес, ҚР ОСК мүшелері М.А.Сәрсембаевақа және Л.Ж.Сүлейменовке тексеріс жүргізу және биыл 24 қаңтарда қорытынды жайында баяндау тапсырылды. ҚР ОСК-нің осы мәселе бойынша қаулысы қабылданған. 

Портал материалында Жамаловтың екі ЖШС құрылтайшысы екені және Жамаловтың Конституциялық заң бойынша бұл үшін мәжілісменнің босатылуы керек екені хабарланған.  

"ОСК нақты жауап береді, олар барлығын тексереді, сосын ресми жауап береді", - деді тілшілерге Жамалов Парламенттің жалпы отырысы аяқталғаннан кейін.

Ал бизнесі жайлы сұраққа ол былай деп жауап берді: "Иесі болуға тыйым салынған ба? Заң бойынша мен өз иелігімдегі сенімгерлік басқарумен, барлық жылжымайтын-жылжымайтын мүліктерімді өткізуім керек, мен мұны заң бойынша орындадым. Мұны растайтын құжаттар бүгін ОСК-ға беріледі".

Еске салайық, депутат ХҚКО-да қайтыс болған адам жайлы "C таким же успехом он мог умереть и дома" деп пікір білдіргені үшін басы дауға қалған болатын. Сосын ол өз пікірін түсіндіріп, артынша кешірім сұраған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай