25 ақпан 2014 16:05

Өскеменде 15 жасар қыз өз үйінде босанып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 жасында босанған қыз бала ©Азамат Әбілұлы 15 жасында босанған қыз бала ©Азамат Әбілұлы

Өскеменде 15 жастағы қыз бала өз үйінде босанып қалды. Алайда сәби дүниеге уақытында келгенімен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өскемен қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған басқарманың баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, 15 жастағы қыз бен 23 жастағы жігіт арасындағы қарым-қатынас өткен жылдың мамыр айында облыстың Көкпекті ауданындағы Самар ауылында басталған. Алайда осы жылдың тамыз айында қыздың отбасы Өскеменге қоныс аударады. Кейіннен анықталғандай оқушы қыз облыс орталығына көшіп келгенге дейін аяғы ауыр болған екен. Баспасөз қызметі мамандарының айтуынша, қыздың анасы баласының дене бітімі ірі болғаннан кейін оның аяғы ауыр екенін байқамапты. Оқушы қыз 11 ақпан күні өзінің үйінде босанған. Дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алмады, ал бойжеткеннің өзі қазіргі уақытта Өскемендегі ана мен бала орталығында ем қабылдап жатқан көрінеді. Қазіргі уақытта шетінеп кеткен сәбидің әкесіне қатысты процесуалдық шешім қабылдануы үшін іс Көкпекті ауданының ішкі істер бөліміне жіберілген. Полицейлердің айтуынша, жігіт өзінің кінәсін толық мойындаған және құқық қорғау органдары өкілдеріне өзінің сүйіктісімен құдаласып қойғанын, алдағы уақытта үйленетіндіктерін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети