09 наурыз 2019 12:47

Өскеменде жас әйел көпірден өзенге секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет полиция департаментінің баспасөз қызметінен Сурет полиция департаментінің баспасөз қызметінен

8 наурызда шамамен күндізгі 11-де Өскемен полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды - өз өміріне балта шаппақшы болған әйел Үлбі өзенінен секіріп кеткен, - деп хабарлайды yk.kz.


8 наурызда шамамен күндізгі 11-де Өскемен полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды - өз өміріне балта шаппақшы болған әйел Үлбі өзенінен секіріп кеткен, - деп хабарлайды yk.kz.

Патрульдік рейд шараларын жүргізіп жүрген "Қыран-79" экипажы көпір астындағы айналма жолдан өтіп бара жатқан уақытта Үлбі өзенінен адамды көрген. Өзеннің ағысы қатты, сол себепті құқық қорғау органдарының қызметкерлері адамды ары қарай алып кетпесі үшін көмекке асыққан. 

Полиция капитаны Дәурен Оразбаев пен кіші лейтенант Азамат Жылқышинов өз күштерімен есінен айырылған қызды судан алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамның есін жиюға көмектесіп, полицейлер оны дәрігерлерге тапсырды.

Қазіргі уақытта 32 жастағы қала тұрғыны мұндай қадамға неліктен барғанын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Мамандар қажетті психологиялық көмек көрсететін болады. 


Сурет полиция департаментінің баспасөз қызметінен

Мереке күндері полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети