Өскеменде көлік терезесінен аяғын шығарған жолаушы жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде көлік терезесінен аяғын шығарған жолаушы жазаланды Сурет жасанды интеллект арқылы жасалған

Өскеменде куәгерлер Lada көлігінің жолаушысы жол үстінде жүріп келе жатып, аяғын терезеден шығарып алған сәтті видеоға түсіріп алған. Ол өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Altainews.kz басылымына сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полицияның назарына ілікті. Тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізуші мен жолаушының кім екенін анықтады. Жүргізуші жолаушы тасымалдау ережесін бұзғаны үшін, ал жолаушы қозғалыс кезінде көліктің ішінде дұрыс отырмағаны үшін жауапқа тартылды.

ШҚО Полиция департаменті жолда әсерлі видео түсіремін немесе көңіл көтеремін деп қауіпсіздікті елемеу ауыр жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Оларға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, оларға жол ережесін сақтау қажеті ескертілді. Полиция жолдағы қауіпсіздік әр жүргізуші мен жолаушының жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер