30 наурыз 2022 09:47

Өскемендіктер колония жақын маңда орналасуына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде колонияға жақын тұратын тұрғындар шағымын айтты. Олар түрме аумағына заңсыз заттарды лақтыратын белгісіз адамдардан зардап шегіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап.


Өскеменде колонияға жақын тұратын тұрғындар шағымын айтты. Олар түрме аумағына заңсыз заттарды лақтыратын белгісіз адамдардан зардап шегіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Өскемендегі Леваневский көшесіндегі тұрғындар түзеу мекемесінің жақындығына шағымданады. Түрмедегілерге қоршаудан есірткі, алкоголь, ұялы телефондар және басқа да заңсыз заттар салынған қапшық лақтырушылар көп. Ал олар үйлер шатырына шығып кетеді екен.

"Күн-түн демейді. Тіпті кейде күндіз де шатырға шығып кетеді. 58-үйдегі көршім темір алып, айғайлап шыққан еді: "Сен не, өртеніп кеткің келе ме?" депті. Енді оларға қарсы не деуге болады?" - дейді жергілікті тұрғын Владимир Толкачев.

Тағы біреуі тұрғынның шатырын сындырды. Полиция шақырам деп қорқытпақ болғанда, тұрғынды отбасымен үйіне қамап, көлігін өртеп жіберген, дейді тұрғындар. Полиция шақырғандары да болған, бірақ тәртіп сақшылары заңсыз курьерлерді ұстай алмаған.

Олар туралы облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаменті біледі. Жақында осындайлардың бірі есірткі және ішімдікпен ұсталған. Заңсыз әрекеттер бақылау камераларында байқалады.

"Биыл колония аумағына тыйым салынған заттарды өткізудің 20-дан астам дерегінің жолы кесілді. Бұл тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жақында дәл осы колонияға кәмелетке толмаған екі жасөспірім есірткі мен ішімдіктерді өткізбек болған, олар ұсталды", - деді облыс бойынша ҚАЖД ресми өкілі Салтанат Ожықанова.

Бірақ колония қоршауынан өткен заттардың бәрі полиция құзырында, дейді ҚАЖД өкілдері. Тәртіп сақшылары өз кезегінде қауіпті көшеге патрульдер жіберуге уәде беріп отыр. Ал 20-дан астам үйдің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшіру туралы өтінішпен қала әкіміне өтініш жазуды ұйғарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети