ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2020 | 09:25
"Отбасылық сот" деген не? і-balaqai жобасында Майя Қасымова
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова ажырасу себептері мен отбасылық соттың жанұядағы ролі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова ажырасу себептері мен отбасылық соттың жанұядағы ролі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 24 мамыр сағат 20:00-де судья Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында "Отбасылық сот. Жаңа көзқарас" тақырыбында әңгіме өрбітеді.
Майя Қасымова 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 2003 жылы 15 қаңтарда Көкшетау аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалған. 2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы болып тағайындалды. Жұмыс өтілі - 17 жыл.
Жүргізуші - "Тенгри FM" радиосының журналисті Ирина Лелявская.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также