31 наурыз 2014 14:56

Өткен екі айда елімізде 2,5 мың жол-көлік оқиғасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 21,2%-ға көбейді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 21,2%-ға көбейді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, 2014 жылдың екі айында республика жолдарында 2,5 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 224 адам қайтыс болған, тағы үш мыңнан астам адам жарақат алған. 2013 жылғымен салыстырғанда, қаңтар, ақпан айларында жол апаттарының саны 21,2%-ға көбейген, ал қаза тапқандардың саны 13,5%-ға, жарақат алғандардың қатары 15,8%-ға азайыпты. 

Еліміздің жекелеген аймақтарында ғана жол-көлік оқиғаларының азайғаны байқалады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында өткен ай ішінде жол апаттары былтырғы кезеңмен салыстырғанда екі есе аз тіркелген. Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында да жол-көлік оқиғаларының саны азайған.

Мамандар жол апаттарына қатысты ахуалдың жүргізушілер мен жаяулардың тәртібіне тікелей байланысты екенін айтады. "Жол қозғалысының әрбір қатысушысының құқықтық санасы өзгерген жағдайда ғана жолдардағы ахуал жақсаруы, яғни жолдағы қайғылы оқиғалардың саны азаюы мүмкін", - дейді Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметкері Ирина Лукьянина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети