21 сәуір 2022 17:02

Ойынханаларды Қапшағайдан көшіру қарастырыла ма? Министрлік жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Мәдениет және спорт министрлігі Алматы облысы әкімдігінің ауысуына байланысты Қапшағайдағы ойынханалар көшірілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрлігі Алматы облысы әкімдігінің ауысуына байланысты Қапшағайдағы ойынханалар көшірілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, "Ойын бизнесі туралы" қолданыстағы заңға сәйкес, ойынханалар, ойын автоматтары залдары жергілікті атқарушы органдар белгілеген аумақтарда - Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында орналастырылған. Бұл аумақтардың шекарасын Мәдениет министрлігімен келісе отырып, әкімдіктер белгілейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау сияқты бірнеше жағдайларды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра нысандарының жойылу және бүліну қаупі, елдің қорғаныс мұқтаждығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жергілікті билік казинолар мен басқа да ойын мекемелері үшін бұрыннан белгіленген шекараларды өзгерте алмайды.

"Осылайша, заң ойын алаңдарының шекарасын, олардың орналасқан жерін өзгерту жағдайлары мен шарттарын нақты реттейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматы облысындағы ойын аймағының орнын өзгерту мәселесі Үкіметтің күн тәртібінде жоқ", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының әкімдігі Қапшағайдағы ойынхана ғимаратына көшу туралы хабарламаға жауап берген болатын. Әкімдік Қапшағай қаласындағы түрлі ғимараттар зерттеліп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети