27 ақпан 2015 15:48

"Өз бизнесіңді жаса" стартаптар байқауының жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дмитрий Хегай ©Дмитрий Хегай

"Өз бизнесіңді жаса" атты стартаптар конкурсының жеңімпаздары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоғыз финалист өз жобасын дамыту үшін қаржылай грант ұтып алды. 


"Өз бизнесіңді жаса" атты стартаптар конкурсының жеңімпаздары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоғыз финалист өз жобасын дамыту үшін қаржылай грант ұтып алды. 

Осы жылы конкурстың қоры екі есеге көбейді - 240 мың доллар. Қатысушылардың қатары да көбейді, шамамен 400 өтінім түсті. Конкурстың ұйымдастырушылары стартаптардың сапасы жақсарғанын айтады, сондықтан жүлдегерлерді анықтау қиынға соққан. Нәтижесінде бас жүлде - 100 мың долларды екі жеңімпазға бөліп беруге шешім шығарылды, ал қалған жеті финалиске 20 мың доллардан табыс етілді. 

"Өз бизнесіңді жаса" конкурсында 50 мың долларды автомобиль дөңгелектерін рәзеңке қоқымына айналдыру туралы жоба алды. Стартап авторы Павел Шалагин бұл қаржыға қажетті құрал-жабдық сатып алатынын және қуаты сағатына 120 келі болатын цех ашқысы келетінін айтты (цехта ескі шикізат өнідіріледі). Қайта өңделген шиналар, жеңімпаздың айтуынша, балаларға арналған және спорттық алаңдар жасауға қолданылады, сонымен қатар, аяқ киім табаны мен лак және бояу жасау өндірісіне пайдаланылатын болады. Шалагиннің айтуынша, оның өндіріске ескі дөңгелектерді жеткізіп отыратын автомобиль сервистерімен келісімшарттары бар.   

Мұнымен бірге, "Өз бизнесіңді жаса" конкурсында аяқ киім жөндеу шеберханасының иесі Ерлан Теміржанов 50 мың доллар ұтып алды. Ол осы грантты отандық аяқ киім өндіруге жұмсайтынын жеткізді. Қазіргі уақытта шеберхана айына шамамен 300 өнім жасап шығарады. Теміржанов бұл көрсеткішті төрт есе көбейтуді жоспарлап отыр. Конкурс жеңімпазы өнеркәсіптегі жұмыс орнын мүмкіндігі шектеулі жандардың есебінен арттыруды жоспарлағанын атап өтті. "Бұл саланы жақсы білетін адамдарды тауып үлгердім, олар дайын. Олар конкурстың аяқталуын күткен еді", - деді Теміржанов.  

Ал 20 мың доллар көлеміндегі грант мына жобаларға үлестірілді - Experimentarium (өндіріс дизайны), CrossFit пен Street WorkOut-қа арналған спорттық құрал-жабдық өңдеп шығару туралы жоба, робот техникасы туралы білім беру сыныбы, LifeBag экопакеттері, Donor Blood деп аталатын қан донорларын бірыңғай базаға біріктіру туралы стартап, Kids Lab жобасы (балаларға арналған ойын залдары) және Zero to One Labs білім беретін мобильді қосымшасы. 

Айта кетейік, "Өз бизнесіңді жаса" конкурсының финалына бірнеше жоба кірмей қалды. Оларды бұған дейін Tengrinews.kz жазған болатын. Олардың ішінде ас қалдықтарынан биогаз өндіру бойынша жоба, қант диабетімен ауыратындарға арналған гаджет, автожууға арналған наносусабын және автожүргізушілер бір-біріне көмектесуге мүкіндік алатын стартап бар.    

Қазылар алқасының құрамына Singulariteam қорының жетекшісі Моше Хогег, Singulariteam қорының жетекші серіктесі Кеңес Рақышев, Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, "Сәби" қайырымдылық қорының вице-президенті Әсел Тасмағамбетова және PR-маман Әлішер Елікбаев кірді. 

Кеңес Рақышевың айтуынша, конкурс қазақстандық жастардың кәсіпкерлік рух бар. "Өмірде жетістікке өз бетімен жеткісі келетін адамдар бар. Егер бұл конкурстің аясы кеңейсе, жастардың қормен бірге немесе өз бетімен тек кәсіпкерлікке ғана емес, одан да жоғары дүниеге бара алатынына сеніп, дами алатын еді", - деді инвестор.

Банкир Вячеслав Ким қатысушылардың өз бетімен ісін дамытуға деген талпынысын атап өтті. "Мен кәсіпкерлікке жаныммен кіріп кеткен адаммын, жастарымыздың көптеген жақсы идеяларының болуы көңіл қуантады. Бізге мемлекет ештеңе беруге міндетті емес деген пікірді қолдаймын. Егер болашақты өзгерткіміз келсе және өмірде маңызды нәрсе жасағымыз келсе, еңбек етуіміз керек екені белгілі. Мемлекет бізге заңдар мен біліміміз бен дарынымызды дамыту үшін жақсы алаң берді", - деді ол. 

Еске сала кетейік, "Өз бизнесіңді жаса" конкурсын мұның алдында "Періште" жобасының авторы Данияр Тенелов жеңіп алған еді. Жоба балалар мен егде адамдардың қауіпсіздігін бақылауға арналған GPS-трекер өндіру туралы. Кәсіпкер 50 мың доллар көлемінде грант алған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети