29 қыркүйек 2020 08:50

Өзбекстанда тұратын қазақ отандастарынан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Өзбекстанда тұратын қазақ отандастарынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған. 


Өзбекстанда тұратын қазақ отандастарынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған. 

Жақсылық Жорықбаев бірнеше жыл бойы Шыршық қаласында қазақтың салт-дәстүрлері мен мәдениетін насихаттау үшін қазақ мәдени орталығының құрылысымен айналысып келеді. Жоба үшін ер адам өз бизнесін сатқан, тіпті банктен несие алыпты. Бірақ құрылысты тоқтатуға тура келген: қаражат жетпеді.

"Біз мұнда домбыра, би және "Жайдарман" үйірмелерін өткізгіміз келеді. Сондай-ақ, мұнда өзіміздің фольклорлық ансамбліміз болады", - дейді Жақсылық Жорықбаев.

Оның айтуынша, мәдени орталық қазақтардың бауырмалдығы мен ауызбіршілігі туралы ой өрбитін орынға айналуы мүмкін.

"Біз жастарымызға ежелгі дәстүрлерді білуге және оларды ұмытпауды үйретуіміз керек. Сондықтан бұл орталықтың құрылысы өте қажет. Мен олардың бәрін осында жинағым келеді, пайдалы іспен айналысса деймін, құр жүрмей. Мен өз әдет-ғұрыптарымды зерттеп, аталардың жеті ұрпағын білгім келеді. Ол үшін академиктерді, профессорларды шақырдым", - дейді Жорықбаев.

"Егер бұл мәдени орталық салынатын болса, ол Шыршық қаласының ғана емес, бүкіл Ташкент облысының Қазақ ұлттық орталығы бола алады. Мұндай орталық Ташкентте де, жалпы Өзбекстанда да жоқ", - деді жергілікті тұрғын Мұқан Ментаев.

"Егер Қазақстандағы қандас бауырларымыздың арасында біздің бастамамызды қолдағысы келетіндер болса, біз өте риза болар едік. Себебі олар бізді емес, Өзбекстанда тұратын барлық қазақты қолдайды", - деді ол.

Жақсылық Жорықбаевтың айтуынша, ол құрылысқа 120 мың доллардан астам қаражат жұмсаған.

"Бұл жұмысты аяқтау үшін тағы 30 мың жетіспейді. Егер Қазақстан халқы бізді қолдаса, біз жобаны жүзеге асыра аламыз, оны жүзеге асыру үшін көп күш жұмсадық", - деді Шыршық қаласындағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети