02 мамыр 2020 09:52

Өзбекстандағы апат салдарынан Қазақстандағы екі ауыл су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстандағы бөгет жарылып, Түркістан облысында екі ауыл су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзбекстандағы бөгет жарылып, Түркістан облысында екі ауыл су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, 2 мамыр күні сағат 04.30-да Мақтарал ауданының шекарасында коллектордан су өтіп, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендері су астында қалған. 

Сондай-ақ, Мырзакент - Жеңіс - Жаңа Тұрмыс автомобиль жолдарын су басты.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мырзакент, Фердоуси, Жантақсай елді мекендерінің тұрғындарын Атакент ауылына көшіру мәселесі шешіледі. 

Атакент және Мырзакенттің арасы 35 шақырым. Мырзакентте 2848 үйде 14 532 адам тұрады. Фердоусиде 314 үй, 2377 адам бар. Жантақсай елді мекенінде 95 үй, 700 адам тұрады.

Құтқару жұмыстарына 500-ден астам адам және қосымша қаражат тартылғаны хабарланды.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды.

Көрші елдегі бөгеттің бұзылуынан туындаған зардаптарға байланысты, Қазақстан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерінің тұрғындарын қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады. 

Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети