02 мамыр 2020 14:30

Сырдариядағы су тасқыны: зардап шеккендер үшін жедел желі іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел желі іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел желі іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел штаб шұғыл байланыс телефондарының жұмысын іске қосты: 8-7253-34-06-50, 8-7254-12-22-25", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды.

Көрші елдегі бөгеттің бұзылуынан туындаған зардаптарға байланысты, Қазақстан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерінің тұрғындарын қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Өзбекстандағы апат салдарынан Қазақстандағы екі ауыл су астында қалды

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, 2 мамыр күні сағат 04.30-да Мақтарал ауданының шекарасында коллектордан су өтіп, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендері су астында қалған.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында екі ауылды су басты: әуеден түсірілген видео

"Жағдай бақылауда, әуеден тексеріс жүргіздік. Су одан әрі кетпесе, эвакуациялауды жалғастырудың мәні жоқ. Ал су ағыны күшейсе, онда барлық адамды, малды өзіміз шығарып, мүлікті қорғауға тырысамыз. Ол үшін жақын маңдағы Сарыағаш, Келес, Шардара және Жетісай аудандарынан күштер жұмылды. Әр аудан жеке елді мекенмен айналысады. Барлық әкімге тізім жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және команда берілген жағдайда тұрғындарды жаппай көшіруге дайындауға тапсырма берілді. Ең бастысы - сабыр сақтау. Жағдай күрделі, бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз", - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Шөкеев Түркістан облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети