23 қаңтар 2019 13:27

"Өзіңді сатпа". Елбасы жұмыссыз жастарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыссыз жүрген жастарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыссыз жүрген жастарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Елбасы оларға оңай ақшаның соңынан қумай, адал ақша табуға шақырды. 

"Мен жұмыс таппай, әркімнің бір есігін табалдырығын тоздырғаннан кейін оңай ақшаның соңынан кететін жастарға әрдайым жастарға айтып келемін. Қыздарға да, ұлдарға да. Мұндайды көру аянышты, себебі жұмыс бар. Бала бақсаң да, үй тазаласаң да, ас дайындасаң да, әйтеуір еңбек етуге болады, бірақ өзіңді өзің ешқашан сатпауың керек", - деді Назарбаев.

Ол жұмыссыздарға Naimi.kz ұялы қосымшасын ұсынды. "Бұл қосымша барлығына жұмыс ұсынады және жақсы ақша табуға көмектеседі. (...) Жұмыс - бақуатты өмірдің басты қайнар көзі", - деп кеңес берді Елбасы.

Еске салайық, таяуда жастар жылының логотипі бекітілгені хабарланды. 

23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтіп жатыр. Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети